• Тұлға
  • 14 Сәуір, 2022

ЭТНОДИЗАЙННЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН

Алматы қаласында белгілі суретші, Қазақстандағы этнодизайн саласының негізін қалаушылардың бірі, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Аманжол Найманбайұлы (1948–2016) тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақта орнату құрметіне Аманжол Найманбайұлын білетін, сыйлас болған әріптестері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Белгілі мүсінші, Қазақстан көркемсурет академиясының академигі Тілеуберді Бинаштың айтуынша, Аманжол Найманбайұлы ұлтымыздың салт-дәстүрін, шежіресін, тарихын өте жақсы білген. Сол білімі шығармашылығына негіз болған. Екеуі бірлесіп Арыс қаласында «Мұңлық-Зарлық» ескерткішін жасапты. Себебі қос ғашық Сырдарияның бойын мекендеген делінеді. Сондай-ақ бірлесіп Шолаққорғандағы Президент саябағының ішіне Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін орнатты. Тілеуберді мырзаның сүйіншілеп айтқан бір жаңалығы, Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып жатқанда, оңтүстіктегі Созақ ауданындағы туған ауылында көше атауы берілетін болыпты.

«Мұражайда тұрған әр зат сөйлеп тұруы керек. Әйтпесе, ол дүкеннен аумай қалады» деп сөйлеген археолог Жолдасбек Құрманбекұлы, музей дегеннің не екенін Аманжолдың еңбектерін көру арқылы түсінгенін сөз етті.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, күйші Секен Тұрысбек Аманжол Найманбайұлымен сонау 1986 жылы танысыпты. Тәуелсіздіктің елең-алаңы. 1989 жыл. Ол кезде түсінік басқа. Кеңес Одағының құрығынан ешкім асып ойлай алмайтын заман. Алматыдағы Республика сарайының алдында, Наурыз мейрамы кезінде ұзын, ұлттық шапан киген Аманжол ағасы Секен інісіне тіріліп келген аруақтай көрініпті. Қазір ойласақ, ол қазақ деген халықтың өзіне-өзі оралған кезі екен. Сол кезеңде әйгілі Өзбекәлі Жәнібековке кеңесші бола жүріп, қазақтың небір ұмыт болған әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен бастап тұтынған заттарына дейін қаншама дүниені тірілтіпті.

Белгілі суретші Еркін Нұразхан Аманжол Найманбайұлымен отбасылық деңгейде араласыпты. Оған әйелдері себеп болған. Аманжолдың әйелі Ақлима (марқұм) қазіргі Алматыдағы Ұлттық кітапханада жұмыс істеген екен. Еркіннің де әйелі сол жерге жұмысқа тұрады. Ақлима апайының сіңлісіндей араласады. Соның нәтижесінде отағалары танысады. Кітапхана ол кезде А.С.Пушкин атында. Отырыс­тарда Аманжол: «Біз Пушкиннің күйеу балаларымыз, бажалармыз» дейтін көрінеді.

Қазіргі Қазақстан дизайнерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Қамбарбек Сапашұлы Аманжол Найман­байұлының тікелей шәкірті екен. 1991 жылға дейін Кеңес Одағында жалпы ортақ дизайн болғаны мәлім. 1990 жылдан бастап этнодизайнның басында Аманжол Найманбайұлы тұрыпты. Бұл бағыттағы Қазақстан көлеміндегі алғашқы қадам– Композиторлар одағында 1990 жылы Аманжол Найманбайұлы жасақтап ашқан Жамбыл музейі болса керек. Содан да бұл саланың негізін қалаушы атануға құқы бар. Бірақ ол ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның теориясын негізге алған. Киіз үйді өндіріске енгізген. Бүгінде ішкі дизайн жасаушы мамандар ол кісіні пір тұтады деуге болады. Өйткені ол салада түрен салған алғашқы суретші. Бір саламен шектелмей, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Нәзір Төреқұлов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорын да басқарған.

Бастысы – Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінен, Шәуілдірдегі «Отырар» археологиялық-этнографиялық музейінен бастап, Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан қалалары мен Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Қостанай тағы басқа облыстардағы ұзын саны елуден астам мұражайларды этнодизайнерлік тұрғыда жасақтаған Аманжол Найманбайұлы. Оның бұл еңбегін кезінде ұлы жазушы Әбіш Кекілбаев та жоғары бағалапты.

Болат ЖҮНІСБЕКОВ

13695 рет

көрсетілді

649

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5936

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5562

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3300

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2684

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2647

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2622

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2356

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2339

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы